2012 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі N 5-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда N 13-2-157 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 04-07/1933 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 02.04.2013 № 04-07/1933 хаты)
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы 18-бабы 8-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2012 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақтардың күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V шақырылған V сессияның төрағасы
 
және аудандық мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады