Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 10.03.2015 N 5.2.1-13/45 хаты).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Аққайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2013 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешімнің 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V шақырылған IX сессияның |
Қ. Құрманбаев |
Келісілді: |
С. Әбділманов |
"Аққайың аудандық экономика |
Т. Власова |