2013 жылға Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2012 жылдғы 20 желтоқсандағы N 9-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қаңтарда N 2092 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 10 наурыздағы N 5.2.1-13/45 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты аппаратының 10.03.2015 N 5.2.1-13/45 хаты).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Аққайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылға өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V шақырылған IX сессияның
      төрағасы және Аққайың
      аудандық мәслихатының
      хатшысы

Қ. Құрманбаев

      Келісілді:
      2012 жылғы 20 желтоқсан
      "Аққайың аудандық ауыл
      шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы

С. Әбділманов

      "Аққайың аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы

Т. Власова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады