2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес, Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудан әкімімен айтылған қажеттіліктерді есепке ала отырып, Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулықты сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына берілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат сессияның төрағасы |
Б. Зәкенов |
Ақжар аудандық мәслихаттың хатшысы |
М. Жұмабаев |
КЕЛІСІЛГЕН: 2012 жылғы 14 маусым |
|
"Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
А. Киманов |
"Ақжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Р. Жүнісова |