Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селолық", "селосының", "село" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 02.07.2018 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 Заңының 35-бабы 2-тармағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы № 4200 Заңының 14-бабы 4-тармағы, Новоишим ауылының жаңа тұрғын алабының тұрғындар жиынының 2012 жылдың 23 қаңтарындағы № 2 хаттамасының негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылдық округі, Новоишим ауыл көшелеріне төмендегідей атау берілсін:
"Тәуелсіздік" көшесі
"Ғабит Мүсірепов" көшесі
2. Осы шешімнің орындалуының бақылауын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім күнтізбелік он күн өткеннен кейін іске қосылады.
Ауылдық округ әкімі | И.С. Ақтаев |