"Новоишим селолық округ, Новоишим село көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим селолық округі әкімінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 73 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4848 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Новоишим селолық округ, Новоишим село көшелеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим селолық округі әкімінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-142 болып тіркелді, 2012 жылғы 10 ақпанда № 6 "Новости Приишимья", "Есіл Өңірі" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село" тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздеріне өзгертілсін;

      тақырыбы, мәтіні және шешімнің қосымшасы орыс тіліндегі өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Солтүстік Қазақстан өңірлік құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның Новоишим ауылдық
округінің әкімі
С.Айтмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады