Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы N 2-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 9 сәуірде N 13-9-155 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы N 22-2 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының 30.01.2014 N 22-2 шешімімен 

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысына тәуелсіз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) 2012 жылдан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласына мамандығы бойынша тұрақты жұмыс істеуге келіп жатқан дәрігерлер мен медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде, орта медициналық қызметкерлерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде.
      2. Әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджеттен екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы тиісті банкілік операциялардың түрлеріне әлеуметтік көмек алушылардың дербес шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылсын.
      3. Әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржылық жылда осы мақсаттарға қарастырылған «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарлама бойынша жүргізілсін.
      4. Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      5. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Б. Әміренова

      Мәслихат хатшысы                           Т. Әбілмәжінов

      «Келісілді»
      Ауданның жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Қалиев Р.Е.

Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 2-4 шешіміне қосымша

Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмекалу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:
      біржолғы әлеуметтік көмек алушының өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
      өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
      өтінушінің мекен жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      материалдық зиян келтіру жағдайларына (өрт, тасқын) әкелген оқиғаларды растайтын төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің құжаты.
      2. Дәрігерлер, медициналық жоғары оқу орындарының түлектері және орта медициналық қызметкерлері біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:
      біржолғы әлеуметтік көмек алушының өтініші (бұдан әрі - өтінуші);
      өтінушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      өтінушінің дербес шотының көшірмесі;
      өтінушінің мекен-жайын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      өтінушінің жұмыс орнынан анықтама;
      өтінушінің жоғары медициналық және арнайы орта медициналық білімі туралы құжаттың көшірмесі.
      3. Тексерілгеннен соң құжаттардың түпнұсқасы өтінушіге қабылданған күні қайтарылып беріледі, көшірмелері куәландырылғаннан кейін іс құжаттарына тіркеледі.

Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

Решение маслихата района имени Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 6 марта 2012 года N 2-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 9 апреля 2012 года N 13-9-155. Утратило силу решением маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 30 января 2014 года N 22-2

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 30.01.2014 N 22-2

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года № 95 – IV, подпуктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать единовременную социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева:
      1) семьям (гражданам), пострадавшим вследствие чрезвычайных ситуации независимо от среднедушевого дохода семьи (гражданина) в размере тридцати месячных расчетных показателей;
      2) врачам и выпускникам медицинских высших учебных заведений в размере 200 000 (двести тысяч) тенге, среднему медицинскому персоналу в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге, прибывающим на постоянную работу по специальности в город Булаево района Магжана Жумабаева с 2012 года.
      2. Определить, что социальные выплаты из местного бюджета осуществляются путем перечесления денежных средств на лицевой счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций.
      3. Финансирование расходов на оказание социальной помощи производить за счет средств местного бюджета, предусмотренных на эти цели в финансовом году по программе 451 007 000 «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов».
      4. Определить перечень необходимых документов для получения единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева согласно приложению.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

      Председатель сессии                        Б. Амренова

      Секретарь маслихата                        Т. Абильмажинов

      «Согласовано»
      Начальник отдела
      занятости и социальных программ
      района Магжана Жумабаева                   Калиев Р.Е.

Приложение
к решению районного маслихата
от 6 марта 2012 года № 2-4

Перечень необходимых документов для получения единовременной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева

      1. Документы, необходимые для получения единовременной социальной помощи пострадавшим вследствие чрезвычайных ситуаций:
      заявление получателя единовременной социальной помощи (далее-заявитель);
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия лицевого счета заявителя;
      копия документа, подтверждающего место жительства заявителя;
      документ отдела по чрезвычайным ситуациям, подтверждающий о случаях, приведших к обстоятельствам нанесенного материального ущерба (пожар, наводнение).
      2. Документы, необходимые для получения единовременной социальной помощи врачам, выпускникам медицинских высших учебных заведений и среднему медицинскому персоналу:
      заявление получателя единовременной социальной помощи (далее-заявитель);
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия лицевого счета заявителя;
      копия документа, подтверждающего место жительства заявителя;
      справка с места работы заявителя;
      копия документа о медицинском высшем или среднем специальном образовании заявителя.
      3. В день приема полного пакета документов оригиналы после сверки возвращаются заявителю, а копии документов заверяются и формируются в дело.