"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Мағжан Жұмабаев ауданының жеке санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 1-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-149 тіркелген, аудандық "Мағжан Жұлдызы" газетінде 2012 жылғы 13 сәуірде, аудандық "Вести" газетінде 2012 жылғы 13 сәуірде жарияланған);
2) "Мағжан Жұмабаев ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына біржолғы көмек көрсету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 2-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-9-155 тіркелген, аудандық "Мағжан жұлдызы" газетінде 2012 жылғы 27 сәуірде, аудандық "Вести" газетінде 2012 жылғы 27 сәуірде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Глушко |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы | Т. Әбілмәжінов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С. Ескендіров | |
2014 жылғы 30 қаңтар | |
| Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 22-2 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (одан әрі - Қағида), әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін, мөлшерлерін белгілейді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының Мағжан Жұмабаев аудандық бөлімшесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайтуындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленетін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы негіздеме болып табылады.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің тізбесі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың тіс протездеуге кіріс есебінсіз тапсырылған шот-фактура құнының мөлшерінде (қымбат металдан және металл керамика, металл акрилден жасалған протездерден басқа) жылына бір реттен артық емес мұқтаждығы;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлері мен профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге кіріс есебінсіз санаторлық-курорттық емделу құнының мөлшерінде жылына бір рет мұқтаждығы;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерге төлемге және отын сатып алуға кіріс есебінсіз екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы өтемақыға мұқтаждығы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап);
туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың тоқсан сайын кіріс есебінсіз 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде денсаулық сақтау мекемесінен анықтама және тізім көрсетуі бойынша мұқтаждығы. Әлеуметтік көмек төлемі өткен айға жүргізілсін.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 23.12.2014 N 34-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек уәкілетті орган немесе басқа да мекемелер ұсынған тізім бойынша Алушылардан өтініштер талап етілмей Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе округтың, поселок, село әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтердің және Булаев қаласының әкімдері бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округтің, Булаев қаласының әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
24. Әлеуметтік көмек:1) Алушы қайтыс болған;
2) Алушы Мағжан Жұмабаев ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) Алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі және мөлшерінің тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 23.12.2014 N 34-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 13.08.2014 N 30-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі).Р/с № | Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмек көрсетудің шекті мөлшерлері | Әлеуметтік көмекке өтініш беру мерзімі және еселігі | Әлеуметтік көмек атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен отбасыларға (азаматтарға) | 40 айлық есептік көрсеткіш | Кіріс есебінсіз, жылына 1 рет | Өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты |
2 | Жетімдер; ата-ана қамқорлығынсыз қалған адамдар; қараусыз қалған кәмелет жасына толмағандар, оның ішінде девианттық мінез-құлқы барлар; туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық даму мүмкіндігі шектелген балалар; дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндігіне байланысты ағза функциясы тұрақты бұзылған адамдар; әлеуметтік мәні бар аурулар және қоршаған орта үшін қауіпті аурулар салдарынан тіршілік әрекеті шектелген адамдар; жасының ұлғаюына байланысты, ауруды басынан кешкен және (немесе) мүгедектік салдарынан өзін күтуге қабілетсіз адамдар; әлеуметтік бейімделмеушілікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатігез қарым-қатынастан зардап шеккендер; баспанасыздар (тұрғылықты тұратын баспанасы жоқ адамдар); бас бостандығын айыратын жерден босаған адамдар; Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұратын қылмыстық-атқару жүйесінің сынақ қызметінің есебінде тұрған адамдар | 10 айлық есептік көрсеткіш | Кіріс есебінсіз, жылына 1 рет | Өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_____________________ ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (мекенжайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. ___________________ (қолы)
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш беруге себеп болған өмірлік қиын жағдай __________________________________________________________________________
. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілі- гін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Еңбекке жарамды барлығы ________________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам. Балалардың саны: _____________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек ________________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше көрсету керек): ___________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
6. Мыналардың болуы: автокөлігінің (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_________________________________________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ________________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы
_______________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
_________________________ ________________________
_________________________ ________________________
_________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: _______________________________ Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні ________________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы: __________________ ______________________
Комиссия мүшелері: _______________________ _________________________
________________________ _________________________
________________________ _________________________
_______________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________________________________