Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының 2014.03.27 N 27/6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы» Мамлют аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 8 ақпандағы № 30/6 шешіміне (2011 жылғы 28 ақпандағы № 13-10-131 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылдың 11 наурызындағы № 11 «Солтүстік жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Келесі мазмұндағы 2-1, 2-2 тармақтарымен толықтырылсын:
«2-1. Қосымшаға сәйкес «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау»;
«2-2. Әлеуметтік көмек көрсетуге қаржылық шығындар жергілікті бюджеттен 451 007 000 «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы есебінен бөлінсін».
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Қошанов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Р.Нұрмұқанова
КЕЛІСІЛГЕН
«Солтүстік Қазақстан Облысының
Мамлют ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Артимович
6 тамыз 2012 ж
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 6 тамыздағы
№ 5/5 шешіміне қосымша
Мамлют ауданындағы жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:
әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші (бұдан әрі өтініш беруші);
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе оларға теңестірілген тұлғалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға куәлігінің көшірмесі;
«Бұқаралық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған тұлғаның құжатының көшірмесі;
өтініш берушінің дербес шотының көшірмесі;
өтініш берушінің тұрғылықты мекен жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсеткен жағдайда,медициналық ұйымның қызмет көрсету құны көрсетілген шот-фактурасы;
санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждылығы туралы санаторлы-курорттық карта;
зейнетақы төлеу орталығынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуын растайтын анықтама;
2. Құжаттардың толық пакетін қабылдау күнінде түпнұсқалар салыстырыла тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылып, құжаттардың көшірмелері куәландырылып, іске тігіледі.