Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 233 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тайынша ауданы Тайынша қаласы, селолық (ауылдық) округтер әкiмдерi аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 466 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 13-11-238 Мемлекеттік тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайынша таңы» № 44 және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Тайыншинские вести» № 44 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабының 2-тармағы 20) тармақшасы, 10-1-бабының 12) тармақшасы және 35-бабы 2-тармағы;»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет регламентін күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі И. Турков