Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосы", "селосының", "селолық" сөздері "ауылы", "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің 02.07.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, халық пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Тимирязев ауылының аумағында салынып жатқан жаңа көшеге "Абылай хан" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
3. Осы шешім Тимирязев ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.