"Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округі Тимирязев селосының жаңа көшесінің атауы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 30 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 шілдеде № 4838 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Тимирязев ауданы Тимирязев селолық округі Тимирязев селосының жаңа көшесінің атауы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-12-152 болып тіркелді, аудандық "Көтерілген тың", "Нива" газеттерінде 2012 жылғы 23 маусымда жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мәтінде және тақырыбында "селосы" деген сөз тиісінше "ауылы" деген сөзге ауыстырылсын; "селосының" деген сөз тиісінше "ауылының" деген сөзге ауыстырылсын; "селолық" деген сөз тиісінше "ауылдық" деген сөзге ауыстырылсын.

      Орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Байгужин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады