Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2012.12.29 N 409 Қаулысымен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тимирязев ауданы бойынша 2012 жылға субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін және егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын әрбір ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша анықтау туралы» Тимирязев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 103 қаулысына (2012 жылдың 7 мамыр № 13-12-150 нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімде енгізілген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 23 «Көтерілген тың» және 2012 жылғы 12 мамырдағы № 23 «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулы кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тимирязев ауданының әкімі Қ. Қасенов