2013 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 8-9с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2054 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты 04.08.2014 N 14.2.3-3/167 хаты).
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маман өтінішінде көрсетілген, өтініш берген сәтінде, бірақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. 2013 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына, өтініш берген сәтінде жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы берілсін.
      3. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      4. «Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын (келісім бойынша).
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      V шақырылған ІХ
      сессия төрағасы
      А. Валеев
      КЕЛІСІЛДІ:
      «Уәлиханов ауданының
      ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
       20 желтоқсан 2012 жыл
      «Уәлиханов ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
       20 желтоқсан 2012 жыл

Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров
 
 
 
 
Н. Иманов
 
 
 
 
А. Нұрмағанбетова
 

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2013 год

Решение маслихата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2012 года N 8-9с. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 января 2013 года N 2054

     Сноска. Утратило силу (письмо маслихата Уалихановского района Северо-Казахстанской области от 04.08.2014 N 14.2.3-3/167).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пункта 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пункта 2 Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Уалихановский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2013 году социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
      2. Предоставить специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2013 году подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления.
      3. Действие настоящего решения распространяется на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.
      4. Государственному учреждению «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Уалихановского района», как уполномоченному органу по развитию сельских территорий, принять меры по реализации настоящего решения (по согласованию).
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель
      ІХ сессии Vсозыва
      А. Валеев
      СОГЛАСОВАН:
      Начальник
      государственного учреждения
      «Отдел сельского хозяйства и
      ветеринарии Уалихановского района»
       20 декабрь 2012 год
      Начальник
      государственного учреждения
      «Отдел экономики и бюджетного
      планирования Уалихановского района»
       20 декабрь 2012 год

Секретарь Уалихановского
районного маслихата
Б. Кадиров
 
 
 
 
Н. Иманов
 
 
 
 
А. Нурмаганбетова