РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізуі жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Әбдіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрі
____________ А. Жұмағалиев
2012 жыл 28 қаңтар
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 426 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 426 қаулысымен бекітілген |
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) "Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), www.e.gov.kz мекенжайы бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы және www.elicense.kz мекенжайы бойынша "Е лицензиялау" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – ЭҮП) электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда көрсетіледі.2. Электрондық мемлекеттік қызмет "Өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі – Регламент) қолданылатын түсініктер мен қысқартулар:
1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
3) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
4) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе – бұл нотариалдық қызметті автоматтандыруға және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара іс-қимылына арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – БНАЖ);
5) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
6) ЗТ МДҚ – "заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры;
7) "Е-лицензиялау" АЖ МДҚ – "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі;
8) құрылымдық-функционалдық бірліктер – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі - ҚФБ);
9) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
10) транзакциялық қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды талап ететін соның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;
11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
12) "электрондық үкіметтің" шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);
13) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар нышандар терімі (бұдан әрі– ЭЦҚ);
15) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
17) электрондық нысандағы лицензия – қағаз тасығыштағы лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып, рәсімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия;
18) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі – ЭҮӨШ.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетуші әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы адымдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:1) алушы ЭҮП-ға тіркеуді өз компьютерінің интернет-браузерінде сақталған ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ға тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузерінде бекітуі, алушымен мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-ға парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
3) 1-шарт – тіркелген алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЭҮП-да логин (БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-да авторландырудан бас тарту хабарламасының қалыптастырылуы;
5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде тіркелуі мен алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);
6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-де қызмет төлемақысын төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-не келіп түседі;
7) 2-шарт - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қызмет көрсетуге төлемақы төлену фактісін тексеру;
8) 5-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қызмет көрсету үшін төлемақы төленбеген жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;
9) 6-үдеріс – алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;
12) 8-үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың (енгізілген деректер) толтырылған нысанын алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қойылуы);
13) 9-үдеріс - электрондық құжатты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де (алушының сұрау салуын) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де сұрау салуды өңдеу;
14) 4-шарт – қызмет берушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеру;
15) 10-үдеріс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы;
16) 11-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қалыптасқан қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.
7. Қызмет беруші арқылы әрбір адымдық әрекеттер мен шешімдер (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-не логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
2) 1-шарт – логин және пароль арқылы "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
4) 3-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерін, сонымен қатар алушы өкілінің сенімхатына сәйкес деректерді енгізуі (нотариалдық куәландырылған сенімхат негізінде, сенімхат өзгеше куәландырылған жағдайда сенімхат деректері толтырылмайды);
5) 4-үдеріс – алушы деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЗТ МДҚ-ға, сонымен қатар алушы өкілінің сенімхат деректері туралы БНАЖ-ға жолдау;
6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің және БНАЖ-де сенімхат деректерінің бар болуын тексеру;
7) 5-үдеріс - ЗТ МДҚ-да алушы деректерінің, БНАЖ-де сенімхат деректерінің болмауына байланысты мәліметтерді алуға мүмкіндіктің жоқ екендігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – қызмет берушінің қызметкерімен сұраныс нысанындағы алушы ұсынған қағаз түріндегі құжаттары жөнінде белгісі бөлігін толтыру және құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеп, толтырылған қызмет көрсетудің сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
9) 7-үдеріс – сұрау салуды "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де тіркеу және қызметті "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де өңдеу;
10) 3-шарт – қызмет берушінің алушының біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздеріне сәйкестігін тексеруі;
11) 8-үдеріс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-мен қалыптасқан электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттік қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырады.
8. Қызметке сұраныс пен жауапты толтыру нысандары "Электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталында, "Е-лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.
9. Сұрау салуды өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:
"ашу" батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
"сақтау" батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны call орталықтың (1414) телефоны бойынша алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:1) ЭҮП;
2) ЭПШ;
3) ЭПТШ;
4) "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ;
5) ЗТ МДҚ;
6) алушы;
7) қызмет көрсетуші.
12. Әрбір іс-әрекеттің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) орындалу мерзімі көрсетілген іс-әрекеттер дәйектілігінің мәтінді-кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Алушыларға көрсетілетін қызметтер үдерісіне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2) біртұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау);
16. Қызмет көрсетудегі техникалық талаптар:
1) Интернетке шығу;
2) электрондық лицензия берілетін тұлғада БСН бар болуы;
3) ЭҮП-де авторландыру;
4) алушының ЭЦҚ бар болуы;
5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.
Әрбір іс-әрекеттің (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) орындалу мерзімі көрсетілген іс-әрекеттер дәйектілігінің мәтінді-кестелік сипаттамасы
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерінің сипатамасы
1 | Әрекеттер № (жұмыс барысы, ағыны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
2 | ҚФБ атауы | Алушы | ЭҮП | Алушы | ЭҮТШ | ЭҮП | Алушы | ЭҮП | Алушы | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | "Е-лицензия-лау" МДҚ АЖ |
3 | Әрекеттер атауы (үдерістің, рәсімдердің, операциялардың) және олардың сипаттамасы | ЭЦҚ тіркеу куәлігін алушы компьютерінің интернет браузерінде бекіту | Алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Қызметті таңдау және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу арқылы сұраныстың деректерін қалыптастыру | Қызметтің төлемі | Төлемнің болмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы | Сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау | Алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | ЭЦҚ арқылы сұранысты куәландыру (қол қою) | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де электрондық құжаты өтініші (сұранысты) тіркеу және сұранысты өңдеу | Алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Электрондық құжат (лицензияның электрондық нысаны) |
4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі) | Сұраныстың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету | Сұрау салатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырылуы | Сұраныстың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету | Әрекеттің сәтті аяқталғандығы туралы хабарламаны көрсету | Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Сұраныстың маршрутталуы | Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы | Сұраныстың маршрутталуы | Өтінішке нөмір беріле отырып, сұраныстың тіркелуі | Сұрау салатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы | Лицензияның Электрондық нысаны |
5 | Орындалу мерзімдері | 10-15 сек | 20 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 20 сек | 10-15 сек | 10-15 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 20 сек | 15 жұмыс күні |
6 | Келесі әрекеттің нөмірі | Егер мемлекеттік қызмет алушының деректерінде бұзушылықтар болса- 2; Егер авторландыру сәтті өтсе – 3 | - | 4 | Егер төлем жасалмаса- 5, егер төлем жасалса - 6 | - | Егер ЭЦҚ қате болса - 7; егер ЭЦҚ қатесіз болса – 8 | - | - | қызмет берушінің алушы біліктілік талаптарына және лицензия беру негіздемелеріне сәйкестігін тексеру - 10 | - | - |
2-кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ-ның әрекеттерінің сипаттамасы
1 | Әрекеттер № (жұмыстар барысы, ағыны) | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2 | ҚФБ-ның атауы | Қызмет беруші | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | Қызмет беруші | ЗТ МДҚ | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | Қызмет беруші | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ |
3 | Әрекеттердің атауы (үдерістің, рәсімдердің операциялардың) және олардың сипаттамасы | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де авторландыру | Қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Қызмет беруші қызметкерінің қызметті таңдауы | Алушы жөнінде деректерді тексеру сұранысын ЗТ МДҚ-ға жолдау | Деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Сұраныс үлгісін құжаттарды тіркей отырып толтыру | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де электрондық құжаттың тіркелуі және қызметтің өңделуі | "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Электрондық құжат (электрондық нысандағы лицензия) |
4 | Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық- басшылық ету шешімі) | Сұраныстың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету | Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Сұраныстың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету | Сұраныстың маршрутталуы | Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптастырылуы | Сұраныстың сәтті қалыптастырылғандығы туралы хабарламаны көрсету | Өтінішке нөмір беріле отырып, сұранысты жүйеде тіркеу | Сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру | Электрондық нысандағы лицензия |
5 | Орындалу мерзімдері | 10-15 сек | 20 сек | 1,5 мин | 1,5 мин | 20 сек | 10-15 сек | 10-15 сек | 20 сек | 15 жұмыс күні |
6 | Келесі әрекеттің нөмірі | Қызмет берушінің қызметкерінің логині мен паролі мәліметтерінің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де тексеру - 1 | - | 4 | Егер алушының деректерінде бұзушылықтар болса– 5; егер автоланды-ру сәтті өтсе - 6 | - | - | Егер сұраныс бойынша деректер "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-де болмаса - 8, егер сұраныс бойынша деректер табылса - 9 | - | - |
Қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара әрекетінің № 1 диаграммасы
Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайдағы функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
Электрондық мемлекеттік қызметтің: "сапа" және "қолжетімдік" көрсеткіштерін айқындауға арналған сауалнама нысаны
__________________________________________________________қызметтің атауы)
1. Сіз электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттандыңыз ба?
1) қанағаттанбадым;
2) ішінара қанағаттандым;
3) қанағаттандым.
2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?
1) қанағаттанбадым;
2) ішінара қанағаттандым;
3) қанағаттандым.
Қызметті таңдау және қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу арқылы сұраныстың деректерін қалыптастыру