1. Атырау қаласының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 14, 15, 20, 21, 30, 30-А, 59, 65 маршруттары бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифі - 80 (сексен) теңге болып белгіленсін.
Қала маңының № 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 62, 64 маршруттары бойынша белгіленген тарифке қосымша 20 (жиырма) теңге мөлшерінде тариф белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 11.09.2012 № 1727; 27.11.2015 № 2103 қаулыларымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.И. Нұрлығожиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 шілдеде туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі | А.А. Керімов |
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық мәслихатының
2012 жылғы 16 мамырдағы № 44 шешімімен