Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 399 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 желтоқсанда № 2649 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 115 қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды -  Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.02.28 № 115 қаулысымен.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы №  6-14 "2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) жалғыз басты мүгедектерге;
      2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім cтуденттерге;
      3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;
      4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын эейнеткерлерге;
      6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
      7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;
      8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
      9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын cтуденттерге;
      10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғаларға;
      11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге,  тексерілуге жіберілген тұлғаларға.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
      3. Осы қаулыны Жылыой ауданы әкімінің веб-сайтына орналастыру  Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Ізімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Н. Өмірбаев

Об оказании социальной помощи

Постановление Жылыойского районного акимата Атырауской области от 28 ноября 2012 года № 399. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 6 декабря 2012 года № 2649. Утратило силу - постановлением Жылыойского районного акимата Атырауской области от 28 февраля 2013 года № 115

      Сноска. Утратило силу - постановлением Жылыойского районного акимата Атырауской области от 28.02.2013 № 115
      Руководствуясь подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и решением районного маслихата от 5 октября 2012 года №  6-14 "Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района на 2012 год" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать единовременную социальную помощь следующим категориям граждан в размере десятикратного месячного расчетного показателя:
      1) одиноким инвалидам;
      2) студентам-круглым сиротам, обучающимся на платной основе на дневной форме обучения в высших и средне-специальных учебных заведениях;
      3) круглым сиротам, не достигшим совершеннолетия;
      4) детям-инвалидам до 18 лет из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      5) пенсионерам, получающим минимальный размер пенсии малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      6) безработным гражданам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, состоящим на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Жылыойского района";
      7) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, осуществляющие погребение безработных, состоявших на момент смерти на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Жылыойского района";
      8) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, попавшим в экстремальные, непредвиденные ситуации (пожар, длительная болезнь более одного месяца);
      9) студентам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, обучающимся на платной основе на дневной форме обучения;
      10) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, имеюшим детей до 1 года на искусственном вскармливании;
      11) лицам из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, направленным управлением здравоохранения Атырауской области на обследование, лечение.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жылыойскрого района Елтезерова И.
      3. Размещение данного постановления на веб-сайте акима Жылыойского района возложить на начальника государственного учреждения "Отдел внутренней политики Жылыойского района" Изимову Б.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Е. Умирбаев