Ескерту. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.02.28 № 115 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 5 қазандағы № 6-14 "2012 жылғы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) жалғыз басты мүгедектерге;
2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім cтуденттерге;
3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;
4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын эейнеткерлерге;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға;
8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғаларға;
9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын cтуденттерге;
10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғаларға;
11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғаларға.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары І. Елтезеровке жүктелсін.
3. Осы қаулыны Жылыой ауданы әкімінің веб-сайтына орналастыру Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Ізімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Өмірбаев