Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасын және 37 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 және 28 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз бен жиырма жеті жастағы, әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қажетті мөлшерде жабдықтау үшін әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Қосымшаға сәйкес әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
3. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 113 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-185 болып тіркеліп, 2011 жылдың 25 тамызында № 35 (3519) аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 2 сәуірінен туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі Б.Қ. Қарабаев
Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы: А. Кенжегұлов
21.05.2012 ж.
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері С. Айдаралиев
21.05.2012 ж.
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: С. Жапақов
21.05.2012 ж.
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 21 мамырдағы № 95
қаулысымен бекітілген қосымша
Әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Өтеғалиев Мәди - |
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы. |
Кенжегұлов Аманжол - |
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
Комиссия мүшелері
Айдаралиев Сағытжан Жанғылышұлы - |
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); |
Әлекесов Нұрболат Дүйсенбайұлы - |
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Кереева Баян |
Аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша). |