Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2), 5-5) және 5-6) тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсіпорын, мекеме және ұйымдардағы жұмыс орындарының жалпы санының:
1) мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде;
2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бір пайыз мөлшерінде жыл сайын квота белгіленсін.
2. "Атырау облысы Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары П.М. Хасановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Барақатов |