Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 40-V шешімі. Атырау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 маусымда № 4-8-223 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 193-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 16.07.2013 № 193-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының  15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14)тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 1/1065 ұсынысы негізінде Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
      1) жалғыз басты мүгедектер;
      2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім студенттер;
      3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдер;
      4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
      7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар;
      8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғалар;
      9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын студенттер;
      10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғалар;
      11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғалар.
      2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық маслихаттың кезектен
      тыс ІV сессиясының төрағасы:               Б. Кенжебаев

      Аудандық маслихат хатшысы:                 Р. Сұлтанияев

Құрманғазы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 8 мамырдағы № 40-V 
"Ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарын айқындау
туралы" шешіміне қосымша  

Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі

      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      3) алушының заңды өкілі өтініші жасаған кезде оның заңды өкіл екенін растайтын құжатпен бірге оның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
      4) алушының салық төлеуші куәлігі көшірмесі;
      5) алушының әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі көшірмесі;
      6) алушының Құрманғазы аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шоты кітапшасының көшірмесі;
      7) алушының отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын селолық округ әкімдігінен берілген анықтама;
      8) ауылдық, селолық әкімі жанындағы учаскелік комиссиямен ұсынылған отбасының әлеуметтік, материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
      9) осы шешімнің 1-тармағында айқындалған жеке тұлғалардың санатын анықтайтын құжат.

Об определении отдельных категорий нуждающихся граждан района

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 8 мая 2012 года № 40-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 1 июня 2012 года № 4-8-223. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 16 июля 2013 года № 193-V

      Сноска. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области 16.07.2013 № 193-V.
      Руководствуясь подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 14) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и на основании предложения акима района от 3 мая 2012 года № 1/1065 Курмангазинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить отдельные категории нуждающихся граждан района, имеющих право на назначение и выплату социальной помощи:
      1) одинокие инвалиды;
      2) студенты - круглые сироты, обучающиеся на платной основе на дневной форме обучения в высших и средне-специальных учебных заведениях;
      3) круглые сироты, не достигшие совершенолетия;
      4) дети-инвалиды до 18 лет из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      5) пенсионеры, получающие минимальный размер пенсии из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума;
      6) безработные граждане из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, состоящие на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Курмангазинского района";
      7) лица из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, осуществляющие погребение безработных, состоявших на момент смерти на учете в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Курмангазинского района";
      8) лица из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, попавшие в экстримальные, непредвиденные ситуации (пожар, длительная болезнь более одного месяца);
      9) студенты из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, обучающиеся на платной основе на дневной форме обучения;
      10) лица из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, имеющих детей до 1 года на искуственном вскармливании;
      11) лица из малообеспеченных семей, среднедушевой доход которых не превышает установленной величины прожиточного минимума, направленные управлением здравоохранения Атырауской области на обследование, лечение.
      2. Определить перечень исчерпывающих документов, необходимых для назначения и выплаты социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района согласно приложению к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы, молодежной политики, законодательства и права.

Приложение к решению     
Курмангазинского районного   
маслихата от 8 мая 2012 года № 40-V
"Об определении отдельных категорий
нуждающихся граждан района"  

Перечень исчерпывающих документов, необходимых для назначения и выплаты социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан района

      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) копия документа удостоверяющий личность получателя;
      3) при обращении законного представителя получателя, прилагается копия документов удостоверяющий его личность и документ, подтверждающий полномочия законного представителя;
      4) копия свидетельства налогоплательщика получателя;
      5) копия свидетельства о присвоении социального индивидуального кода получателя;
      6) копия книжки, подтверждающий наличие лицевого счета в Курмангазинском районном отделении почтовой связи;
      7) справка с сельского округа о составе семьи, подтверждающий регистрацию по месту жительства;
      8) акт обследования социальных, материльно-бытовых условий семьи, предоставляемый участковой комиссией при акимах аульных и сельских округов;
      9) документ, подверждающий категории физических лиц определенных пунктом 1 настоящего решения.