Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 16.07.2013 № 193-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4)тармақшасын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысының 1-тармағының 14)тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 1/1065 ұсынысы негізінде Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік көмек тағайындауға және төлемге құқығы бар ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары айқындалсын:
1) жалғыз басты мүгедектер;
2) жоғарғы және арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын тұл жетім студенттер;
3) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдер;
4) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
5) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар;
7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардағы "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сол кезде есебінде тұрған жұмыссыздар қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғалар;
8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан қысылтаяң, төтенше жағдайларға тап болған (өрт, бір айдан ұзаққа созылған ауру) тұлғалар;
9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардың күндізгі бөлімдерінде ақылы түрде оқитын студенттер;
10) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі жасанды тамақтандырылатын балалары бар тұлғалар;
11) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасылардан Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасымен емделуге, тексерілуге жіберілген тұлғалар.
2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық маслихаттың кезектен
тыс ІV сессиясының төрағасы: Б. Кенжебаев
Аудандық маслихат хатшысы: Р. Сұлтанияев
Құрманғазы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 8 мамырдағы № 40-V
"Ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарын айқындау
туралы" шешіміне қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға және төлеуге нақты құжаттар тізбесі
1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
2) алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) алушының заңды өкілі өтініші жасаған кезде оның заңды өкіл екенін растайтын құжатпен бірге оның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
4) алушының салық төлеуші куәлігі көшірмесі;
5) алушының әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі көшірмесі;
6) алушының Құрманғазы аудандық пошта байланыс бөлімшесінен ашылған жеке есеп-шоты кітапшасының көшірмесі;
7) алушының отбасы құрамын және тұрғылықты жерін анықтайтын селолық округ әкімдігінен берілген анықтама;
8) ауылдық, селолық әкімі жанындағы учаскелік комиссиямен ұсынылған отбасының әлеуметтік, материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
9) осы шешімнің 1-тармағында айқындалған жеке тұлғалардың санатын анықтайтын құжат.