Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2013.02.06 № 118-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабын, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 139-ХІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 5 ақпанында № 4-8-141 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2009 жылдың 12 ақпанында № 7 санында жарияланған), 2010 жылғы 16 шілдедегі № 302-ХХХ "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 139-ХІV "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылдың 26 тамызында № 4-8-191 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2010 жылдың 9 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) шешімдері қолданыстан жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың VІІ
сессиясының төрағасы Б. Бекжанов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев
Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы
8 тамыздағы № 69-V "Аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
қағидасын айқындау туралы"
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
2. Құрманғазы ауданында тұрақты тұратын меншік иесі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана жалдаушы болып табылатын, егер отбасының бюджетіндегі жәрдемақылық шаралар мен коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері шегіндегі тұрғын үйді ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне шығындар осы мақсатқа шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артық болса, тұрғын үй көмегіне құқығы бар. Тұрғын үйді ұстау кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылумен, электр жарығымен, газбен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару) тұтыну және аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің артуы бөлігінде байланыс қызметіне төлемдерге шекті жол берілетін шығындар үлесі жиынтық кірісінің 5% - мөлшерінде белгіленеді.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Аудан бойынша уәкілетті орган "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі".
4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның ішінде өтініш жасау және тиісті құжаттарды жинақтау негізінде өткен тоқсанға тағайындалып төленеді. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының оныншы жұлдызына дейін қабылданады.
5. Есепке алынатын тұрғын үйді ұстау шығындарының мөлшері мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормалары коммуналдық қызмет көрсететін мекемелермен белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот:
5-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
5-2) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы басшысының мөрімен, қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
7. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді-мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға);
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасымен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
8. Уәкілеті орган құжаттар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік мерзім ішінде оларды қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда өтініш иесіне бас тарту себебі көрсетілген уәкілетті органның тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің көшірмесі беріледі, ал ұсынылған құжаттар істе тігіліп қалады.
Уәкілетті органға қате мәліметтер беру салдарынан тұрғын үй көмегі артық немесе заңсыз тағайындалған жағдайда меншік иесі (жалға алушы) тұрғын үй көмегін заңсыз алғаны анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады және заңсыз алынған сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.
9. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
1) құрамында екі және одан көп адамы бар, екі немесе одан көп бөлмелі тұрғын үйде (пәтерде) тұратын отбасыларға тұрғын үй заңдылығымен белгіленген нормасына сәйкес, әр адамға 18 шаршы метр, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспауы тиіс;
2) бір бөлмелі тұрғын үйде (пәтерде) тұратын отбасылар (азаматтар) үшін нақты пайдаланып отырған аумағы көлемінде.
10. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін электр энергиясы, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және телефон желісін қызметтерін (1 айға) пайдалану мөлшерін белгілеу:
1) 1 адамнан тұратын отбасыға электр энергиясы – 90 кВт/сағ;
2) 2 және одан көп адамнан тұратын отбасыларға электр энергиясы – 600 кВт/сағ;
3) байланыс қызметтерін пайдаланып отырған телекоммуникация желісінің абоненттеріне 2004 жылдың қыркүйек айындағы абоненттік ақының /248 теңге/ және 2009 жылғы абоненттік ақының /386,68 теңге/ аралығындағы айырмасы /138,68 теңге/ сомасы мөлшерінде;
4) судың нормасы әр адамға бір тәулікке – 75 литр;
5) отбасыға (азаматқа) табиғи газдың нормасы – 700 куб/м.
11. Орталық жылыту, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау желісіне қосылмаған, қатты отын, сырттан әкелінген ауыз су, газ баллон тұтынушылары болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді төлеуге шекті жол берілетін шығындарының нормасын (1 айға) белгілеу:
- қатты отынға - 17000 теңге;
- сырттан әкелінген ауыз суға - 1500 теңге;
- газ баллонға 27 л - 1000 теңге, 55 л - 2000 теңге.
12. Тұрғын үй көмегі мынадай отбасыларына тағайындалмайды:
1) жеке меншігінде (үлесінде) біреуден артық тұрғын үйі (жеке үйі, пәтері) болса;
2) тұрғын үйді жалға тапсырғандарға (қайта жалға бергендерге);
3) отбасыларында мүгедектерден және бір айдан артық стационарлық емделуде болған адамдардан, туберкулезбен ауратындар, емделу мекемелерінде тұрақты есепте тұратын және уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы дәрігерлік–кеңес комиссиясының нысанындағы оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттардан, магистратура мен аспирантураны қоса, сондай-ақ І–ші және ІІ–ші топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтардан басқа жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбекке жарамды жастағы жұмыссыздары барларға.
13. Тұрғын үй көмегі өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді. Тапсырылған құжаттар негізінде тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы өтініш берушіде сақталады.
14. Уәкілетті орган берілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, өтініш берушінің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал жеке және заңды тұлғалар ол мәліметтерді беруге міндетті.
15. Тұрғын үй көмегін алушы он күн мерзімде тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту және оны алу құқығы үшін негіз бола алатын, жағдайлар туралы уәкілетті органды хабарландыруға міндетті.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі
16. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасы" негізінде жүзеге асырылады.
17. Өтініш беруші беріп отырған мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті соманы анықтап және ай сайын қаржы бөліміне сұраныс береді. Қаржы бөлімі түскен сұранысқа сәйкес қажетті соманы уәкілетті органның есеп шотына аударады.
19. Уәкілетті орган жеке есеп шотына қаржы түскеннен кейін өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына тұрғын үй көмегіне тағайындалған соманы аударады.
5. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп жүргізу және есеп беру тәртібі
20. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
21. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын және уақтылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
22. Тұрғын үй көмегіне заңсыз төлем жіберген лауазым иесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.