Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2012.08.02 № 69-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тақмақшасын, 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-I "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабынбасшылыққа алып және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 38 қаулысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-1. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің, отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы. Кондоминиум объектісі басқару органы-кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36-ІІІ "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы" (аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 26 қаңтарда № 4-8-123 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 1 наурызда аудандық "Серпер" үнжариясының 9 нөмірінде жарияланған) және 2008 жылғы 28 наурыздағы № 71-VІ "Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36-ІІІ "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 16 сәуірде № 4-8-125 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 26 сәуірде аудандық "Серпер" үнжариясының 17 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
Ескерту. 1-ші тармақ 1-1 тармақпен толықтырылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
3. Осы шешім 2009 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы - Р. Габдушева) жүктелсін.
Аудандық Мәслихаттың кезектен
тыс ХІV сессиясының төрағасы Қ. Мұханбетқалиев
Аудандық Мәслихат хатшысы Р. Сұлтанияев
Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 139-ХІҮ
шешімімен бекітілген қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету ТӘРТІБІ 1. Жалпы Ережелер
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес аудандағы жан басына шаққанда жиынтық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен, аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), оған көрсетілетін коммуналдық қызметке (сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару), сондай-ақ телефон желісінің абоненті болып табылатын адамдарға абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметіне ақы төлеуге тұрғын үй көмегін (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі) көрсетуді реттейді.
1-1. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің, отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы. Кондоминиум объектісі басқару органы-кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Ескерту. 1-ші тармақ 1-1 тармақпен толықтырылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі мақсаты халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар қаржылық қолдау көрсету болып табылады. Тұрғын үй көмегі елді мекенде тұрақты тұратын тұрғын жайдың меншік иесіне немесе сол тұрғын жайда азаматтарды тіркеу кітабында есепте бар азаматтарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен беріледі.
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй алаңының нормасы шегінде, бірақ өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нақты алып отырған жалпы алаңнан артық болмағанда, коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындар отбасының жиынтық табысының 7 пайызынан асқан жағдайда беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілген тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару т.б.) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары отбасының сол тоқсандағы осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 7 пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленеді. Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі. Белгіленген нормадан тыс коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем үй иесімен жалпыға бірдей негізде төленеді.
4. Тұрғын үй көмегін жергілікті бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат шегінде "Құрманғазы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындайды.
5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның ішінде өтініш жасау және тиісті құжаттарды жинақтау негізінде өткен тоқсанға тағайындалып төленеді.
6. Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері, коммуналдық қызметтер пайдалану нормалары коммуналдық қызмет көрсететін мекемелермен белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады.
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
7) комунналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
7-1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға);
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алғантұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеугеберіледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасымен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілдіоргандар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 7-ші тармақ жаңа редакцияда, 7-1 тармақпен толықтырылды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
8. Округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссия қорытындысын қоса уәкілетті орган-аудандық бөлімге жібереді.
9. Уәкілетті орган барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз бен қорытынды түскен күннен бастап 10 күн мерзім ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тұрғын үй көмегінен бас тартылған жағдайда өтініш иесіне тұрғын үй көмегінен бас тарту себебі көрсетілген уәкілетті органның шешімінің көшірмесі беріледі, ал тапсырылған құжаттар істе тігіліп қалады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қате мәліметтер беру салдарынан тұрғын үй көмегі артық немесе заңсыз тағайындалған жағдайда меншік иесі (жалға алушы) заңсыздықтар анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады және заңсыз алынған сомалар өз еркімен, болмаған жағдайда сот арқылы қайтарылуға жатады.
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
1) отбасы құрамында екі және одан көп адамы бар екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, яғни әр адамға 18 шаршы метр, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болуы керек;
2) бір бөлмелі пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
11. Тұрғын үй көмегін есептегенде электр энергиясын, телефон желісін және табиғи газ (1 айға) пайдалану мөлшерін белгілеу.
1) жалғыз басты адамдар үшін 100 квт/сағ;
2) құрамы 2 адамнан жоғары отбасыларна 300 квт/сағ;
3) аудандық телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатын отбасыларға 2004 жылдың қыркүйек айындағы абоненттік ақының /248 теңге/ және 2009 жылғы абоненттік ақының /386,68 теңге/ айырмасы /138,68 теңге/ мөлшерінде;
4) табиғи газ желісін пайдаланушы отбасыларына 700 куб/м.
Ескерту. 11-ші тармақ жаңа редакцияда - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
12. Орталық жылу су, газ желілеріне қосылмаған отынмен жағылатын, құдық, газ балон пайдаланушы жеке тұрғын үйде тұратын аз қамтылған отбасыларына:
бір айға отын үшін – 4250 теңге (от жағу маусымына 3 тонна қатты отын есебімен);
ауыз су мөлшері 800 теңге;
газ балон 500 теңге болып белгіленеді.
13. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйді жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Егер отбасында күтуді қажет етеді деп танылған адамы (мүгедек, 80 жастан асқан қария) күтумен немесе 12 жасқа дейінгі 2 және одан да көп баланы тәрбиелеумен айналысатын аналардан және өзін-өзі қамтитын санаттағылардан басқа жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, ондай отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
14. Егер бір үйді бірнеше отбасы жалға алып отырған жағдайда және олар аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, олардың әр қайсысының тұрғын үй көмегі нақты пайдаланып отырған тұрғын алаңдарына байланысты төленетін болады.
15. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен төленеді. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы меншік иесінде (үй жалдаушыда) сақталады.
16. Уәкілетті орган берілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәліметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәліметтерді беруге міндетті.
17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегі мөлшерінің немесе алу құқығының өзгеруіне негіз болатын кез келген өзгерістер (тұрғын үй меншігі формасының, отбасы құрамының т.с.с), сондай-ақ тұрғын үй көмегі қате тағайындалған жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлауға міндетті.
18. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.
19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттарымен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім мен хаттама, немесе шешім мен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу
20. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысы уәкілетті органмен есептеледі.
21. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде отбасының тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы есептеледі.
Ескерту. 21-ші тармақ жаңа редакцияда - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
22. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәліметтері негізінде есептеледі.
23. алынып тасталды - Құрманғазы аудандық мәслихатының 2010.07.16 № 302-ХХХ шешімімен.
24. Бір тоқсаннан артық мерзімге төленуге тиісті біржолғы табыс алған жағдайда, ол алған айлар санына бөлініп үш айға көбейтілген табыс сомасы мөлшерінде жиынтық табысқа есептеледі.
25. Шетел валютасымен алынған табыстар тұрғын үй көмегін тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің анықтаған курсы бойынша есептеледі.
26. Жиынтық табысты есептеудің басқа тетіктері атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен анықталады.
27. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәліметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.
4. Қаржыландыру және төлеу
28. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы көлемін анықтап, аудандық қаржы бөліміне әр айдың 5-не дейін сұраныс береді. Аудандық қаржы бөлімі түскен сұранысқа сәйкес тиісті қаржыны уәкілетті органның есеп шотына аударады.
29. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін үш күн ішінде пошта байланысы торабының шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын, сондай-ақ осы тұрғын үй көмегіне қаралған қаржының есебінен екі арадағы агенттік келісімге сәйкес комиссиялық сыйлықтарды аударады.
30. Тұрғын үй көмегін төлеу аудандық пошта байланысы торабымен уәкілетті орган берген алушылар тізімі негізінде жеке басын куәландыратын құжатын көрсету арқылы төленеді.
5. Есеп жүргізу және есеп беру
31. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.
32. Уәкілетті орган әр тоқсанның бірінші айының 10-шы жұлдызына дейін пошта байланысы торабымен өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілерін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгіленген нысанда аудандық қаржы бөліміне және жоғары тұрған органдарға көрсетілген тұрғын үй көмегі жөнінде есеп береді.
33. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалу сондай-ақ уақтылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
34. Тұрғын үй көмегі негізсіз төленген жағдайда оған жол берген лауазым иесі заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.