«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шарбұлақ ауылдық округінен жалпы көлемі 1820 гектар жер бөлігінің қосылуымен Қазығұрт және Шарбұлақ ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д.Әбіш
Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан