Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт және Шарбұлақ ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 6/58-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 298 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада № 2143 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шарбұлақ ауылдық округінен жалпы көлемі 1820 гектар жер бөлігінің қосылуымен Қазығұрт және Шарбұлақ ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Д.Әбіш

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Қ.Ержан 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады