Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.06.2013 № 157 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 382 қаулысымен бекітілген
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызметі «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі-Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандыру деңгейі: ішінара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
5. Осы электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі-Регламент) пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырланған үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта қалпына келтірілген және қолданысын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензия беретін лицензияның сәйкестендіру нөмірін орталықтан құрайтын қызметтің лицензияланатын түрін (кіші түрін) жүзеге асырушы лицензиаттың (объектілері, орындары, учаскелері) филиалдары, өкілдіктері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ);
4) «электрондық үкіметтің» шлюзі– электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру үшін арналған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҮШ);
5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі - заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде банк және «электрондық үкіметтің» операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктердің, ұйымдардың және арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлар базасы – ақпаратты автоматты жинауға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай ұқсастыруын ендіру және мемлекеттік басқару органдарына және өзге де субъектілерге олардың өкілеттіліктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді беру мақсатында жеке бірыңғай бизнес нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды тұлға;
8) бизнес - сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
9) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
14) лицензияның электронды нысаны – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға салалас электронды құжат түріндегі лицензия;
15) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - нотариалдық қызметтің автоматтандырылуы және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара әрекеттесуі үшін арналған ақпаратты-бағдарламалық кешен (бұдан әрі-БНАЖ);
16) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің және қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
17) АЖО-автоматтандырылған жұмыс орны.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі
6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімдері осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы):
1) алушы өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен ЭҮП-та тіркеуді жүзеге асырады, ол алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-та тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс - алушының компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-қа алушының пароль енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1-шарт – ЭҮП-да тіркелген алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-үдеріс – алушы деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты ЭҮП-мен авторизациядан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – алушы осы Регламентте көрсетілген қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де таңдайды, қызмет көрсету және нысанның құрылымы мен форматтық талаптарының есебімен, сұрау нысанына электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, оны алушының толтыруы үшін экранға сұрау нысанын шығару;
6) 4-үдеріс – қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі;
7) 2-шарт - қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-үдеріс – қызметтерді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
9) 6-үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің (жойылған) жоқ болуын, сондай-ақ сұрауда көрсетілген БСН арасында және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП-да тексеру;
11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ-ның нақтылығын растамаумен байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 8-үдеріс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған (енгізілген деректер) нысанын куәландыру (қол қою);
13) 9-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электронды құжатты (алушының сұрауын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрауды өңдеу;
14) 4-шарт – лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін қызмет берушінің тексеруі;
15) 10-үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ғы деректерінде бұзушылықтарының бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
16) 11-үдеріс – алушының ЭҮП құрған қызмет (электрондық лицензия) нәтижелерін алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
7. Қызмет беруші арқылы қадамдық іс-қимылы және шешімі осы регламентке 2-қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы):
1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет беруші қызметкерінің логин мен парольді «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға енгізуі;
2) 1-шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің нақтылығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құру;
4) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметтерді қызмет беруші қызметкерінің таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және қызмет көрсету қызметкерінің алушы деректерін енгізуі, сондай-ақ алушы өкілінің сенімхаты негізінде (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, өзгедей сенімхат куәландырылған жағдайда сенімхат деректері енгізілмейді);
5) 4-үдеріс – ЭҮШ арқылы алушы деректері туралы ЗТ МДҚ-ға, сондай ақ алушы өкілінің деректері туралы БНАЖ-ға сұраныс жіберу;
6) 2-шарт – алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да, БНАЖ-да бар болуын тексеру;
7) 5-үдеріс - алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны құру;
8) 6-үдеріс – құжаттардың қағаз нысанда болуы туралы белгісі бөлігінде сұрау нысанын толтыру және алушы ұсынған қажетті құжаттарды қызмет беруші қызметкерінің сканерлеуі және оларды сұраныс нысанына тіркеу;
9) 7-үдеріс – сұрауды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметтерді өңдеу;
10) 3-шарт – қызмет берушінің лицензия беру үшін алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
11) 8-үдеріс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру;
12) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да құрылған қызмет нәтижелерін алушының алуы. Электронды құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануымен құрылады.
8. Қызметтің сұранысы мен жауабының нысандары «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында келтірілген.
9. Алушының электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұраныстың орындалу мәртебесін тексеру әдісі: «электрондық үкімет» порталындағы «Қызмет алу тарихы» бөлімінде, сондай-ақ қызмет көрсетушіге жүгінгенде.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және кеңесті саll – орталықтың (1414) телефонынан алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
5) ЗТ МДҚ;
6) қызмет беруші.
12. Әрбір іс-қимылды орындау мерзімін көрсете отырып, іс қимылдар (рәсім, функциялар, операциялар) тізбектілігінің мәтінді кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген;
13. Іс-қимылдардың сипатталуларына сәйкес олардың логикалық тізбектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
14. Алушыларға қызметтерді көрсету нәтижелері осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
15. Қызметтерді көрсету үдерісінде алушыларға қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау);
16. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
1) Интернетке шығу;
2) электронды лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН бар болуы;
3) ЭҮП авторизациялау;
4) ЭЦҚ пайдаланушының болуы;
5) екінші деңгейдегі банкіде банкілік карточкасының немесе ағымдағы шотының бар болуы.
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ-ның іс-қимылдарын сипаттау
№ іс-қимыл (жұмыстар барысы, ағыны ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
ҚФБ-ның атауы |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
ЭҮТШ |
ЭҮП |
Алушы |
ЭҮП |
Алушы |
«Е-лицензиялау» АЖ |
«Е-лицензиялау» АЖ |
«Е-лицензиялау» АЖ |
Іс-қимылдың атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы |
ЭЦҚ тіркеу куәлігінің тұтынушының компьютеріндегі интернет баузеріне бекіту |
Алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құру |
Электронды түрде қажетті құжаттарды бекіте отырып, қызметті таңдайды және сұрау деректерін құрады |
Қызметтерді төлеу |
Төлемнің жоқ болуына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады |
Сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдау |
Алушының ЭЦҚ нақтылығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады |
ЭЦҚ арқылы сұрауды куәландыру (қол қою) |
Электрондық құжатты, өтінішті (алушының сұрауын) және сұранысты өңдеу |
Алушы деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұратылғанқызметтен бас тарту туралы хабарламаны құру |
Электрондық құжат |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешімдер ) |
Сұранысты сәтті қалыптастырғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұранысты сәтті қалыптастырғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Әрекеттің сәтті аяқталғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұранысты бағыттау |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұранысты бағыттау |
Өтінішке нөмір берумен сұранысты тіркеу |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Электронды лицензия, қайта берілген лицензия, лицензия көшірмесі |
Орындау мерзімдері |
10-15 секунд |
20 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
20 секунд |
15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
2-егер алушының деректерінде бұзушылықтар бар болса; 3 – егер авторизация сәтті өтсе |
- |
4 |
5 – егер төлемесе, 6- егер төлесе |
- |
7-егер ЭЦҚ қате болса; 8 – ЭЦҚ қате болмаса |
- |
- |
Лицензия беру үшін қызмет берушінің біліктілік талаптарына және негіздерге алушының сәйкестігін тексеру |
2 кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФЕ-нің іс - әрекеттерін сипаттау
1 |
Іс - әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
ҚФБ атауы |
Қызмет беруші |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ |
Қызмет беруші |
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ |
Қызмет беруші |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ |
3 |
Іс - әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да авторизациялау |
Деректерде қателіктердің болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Қызмет көрсетушінің қызметкерімен қызметті таңдау |
ЖТ МДБ/ЗТ МДБ пайдаланушының деректері туралы сұрау жолдау |
Деректерде қателіктердің болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Құжаттарды тіркей отырып, сұрау нысанын толтыру |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да электронды құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ МДБ-да қызметті өңдеу |
«Е-лицензиялау» АЖ МДБ-дағы пайдаланушының деректерінде қателіктердің болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Электронды құжат (электронды лцензия) |
4 |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру - өкімдік шешім) |
Сұранысты сәтті қалыптастыр- ғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұранысты сәтті қалыптастырғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Сұранысты бағыттау |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Сұранысты сәтті қалыптастырғандығы туралы хабарламаны бейнелеу |
Өтінішке нөмір берумен сұранысты жүйеде тіркеу |
Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Электронды лицензия, қайта берілген лицензия, лицензия көшірмесі |
5 |
Орындау мерзімдері |
10-15 секунд |
20 секунд |
1,5 минут |
1,5 минут |
20 секунд |
10-15 секунд |
10-15 секунд |
20 секунд |
15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні |
6 |
Келесі іс -әрекеттің нөмірі |
қызмет берушінің логині мен паролі туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру |
- |
4 |
5 – егер пайдаланушы деректерінде бұзушылықтар болса; 6 – авторлау сәтті өтсе |
8-егер «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салу бойынша деректер жоқ болса; 9-егер сұрау салуда деректер табылса |
- |
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондықмемлекеттік қызметінің регламентіне
2-қосымша
ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалды өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі
қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламентіне
3-қосымша
Электрондық мемлекеттік қызметтің «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны__________________________________________________________
(электрондық мемлекеттік қызметтің атауы)
1. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сапасымен және нәтижесімен қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Сіз электронды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанғаттансыз ба?
1) қанағаттанбаймын;
2) ішінара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.