Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 14/140-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1909-нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 119 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы С.Қуашбаев
Облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 9/82-V
шешіміне қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
Р/с |
Су пайдаланудың арнайы түрлері |
Төлемақы ставкалары |
1. |
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (тиын/текше метр) |
12,16 |
2. |
Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде (тиын/текше метр) |
45,92 |
3. |
Ауыл шаруашылығы (тиын/текше метр) |
1,91 |
4. |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы (тиын/текше метр) |
10,18 |
5. |
Су энергетика, (тиын/киловатт сағат) |
2,84 |
6. |
Су көлігі, (тиын/тонна шақырым) |
0,87 |