Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалаcы әкімдігінің 16.02.2015 № 131 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елді мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орны: «Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. Ауыл округтерінің әкімдері Арыс аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Қ.Сыдықов