Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 181 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 маусымда N 14-2-130 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалаcы әкімдігінің 16.02.2015 № 131 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағы негізінде, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: елді мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орны: «Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері Арыс аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады