Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 29.01.2013 № 166 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т.С.Алиев
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 24 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
қ/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Адам саны |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қаржыландыру көздерi |
1 |
Ауылдық округтер әкiмдерінің аппараттары |
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауылдық округтердiң әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу |
105 |
6000 үй |
аудандық бюджет |
2 |
Ауылдық округтерінің селолық тұтыну кооперативтері |
қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету аумақты абаттандыру және көгалдандыру |
105 |
248000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
3 |
«Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі |
азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату) |
20 |
3500 дана |
аудандық бюджет |
4 |
«Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесі |
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары) |
20 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
5 |
«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі |
жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтiм көрсету, үй аралау |
15 |
86 жалғызілікті қарттар, 82 мүгедек балалар |
аудандық бюджет |
6 |
«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
15 |
5250 іс-құжат 50000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
7 |
«Қазығұрт аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі |
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу |
10 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
8 |
Қазығұрт ауданының «Жас қанат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі |
мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету |
10 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
9 |
"Қазығұрт аудандық салық басқармасы" мемлекеттiк мекемесі |
жерге, көлiкке, мүлiкке салық төлеу жөнiндегi түбiртектердi, хабарламаларды жазу және жеткiзу |
10 |
3000 хабарлама |
аудандық бюджет |
10 |
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қазығұрт аудандық бөлімшесі |
ұзақ мерзiмде және ағымдағы сақталатын мұрағаттық зейнетақы және жеке iстерiн өңдеу және көшiру |
6 |
2100 iс-құжат |
аудандық бюджет |
11 |
"Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі |
қоғамдық пiкiр сұрастыру, республикалық, аймақтық қоғамдық компанияларға көмек көрсету |
10 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
12 |
"Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу |
10 |
1300 іс-құжат |
аудандық бюджет |
13 |
Қазығұрт аудандық жер кадастры филиалы |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
5 |
1400 іс-құжат |
аудандық бюджет |
14 |
«Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
5 |
1300 іс-құжат |
аудандық бюджет |
15 |
"Қазығұрт аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі, |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
25 |
3500 іс-құжат |
аудандық бюджет |
16 |
Қазығұрт ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Қазығұрт коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік көп салалы кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, |
демалыс және мәдениет орталық паркiнiң аумағын жинау; абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
25 |
100000 шаршы метр 70000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
17 |
Қазығұрт аудандық шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таза су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны |
су жүйелерінің ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, су төлемдерін жинауға көмектесу |
10 |
3000 метр 1500 үй |
аудандық бюджет |
18 |
"Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі |
мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу, аула клубтарының жұмыстарын жүргiзу |
5 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
19 |
"Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
мәдени-көпшiлiк шараларды, мерейтой, мейрамдарды өткiзуге көмек көрсету |
5 |
13 ауылдық округ аумағында |
аудандық бюджет |
20 |
"Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі |
кiтап қорын тексеруге көмек көрсету |
5 |
11700 дана |
аудандық бюджет |
21 |
"Қазығұрт аудандық әдiлет басқармасы" мемлекеттiк мекемесі |
мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау, үй аралау, сұраным бойынша iздеу салу |
5 |
600 іс-құжат, 800 үй, 200 сұраным |
аудандық бюджет |
22 |
Қазығұрт аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы |
мұрағат кiтаптарын iшiнара жаңғырту, кiтаптарды тiгуге дайындау және жасақтау |
5 |
4000 іс-құжат |
аудандық бюджет |
23 |
"Қазығұрт аудандық соты" мемлекеттiк мекемесі |
шақыру қағаздарын жеткiзу, мұрағат құжаттарын өңдеу және мұрағатқа тапсыру iстерiн қалыптастыру |
5 |
1500 дана, 500 іс-құжат |
аудандық бюджет |
24 |
"Қазығұрт аудандық прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу |
5 |
700 іс-құжат |
аудандық бюджет |
25 |
«Қазағұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу |
6 |
1300 іс-құжат |
аудандық бюджет |
26 |
"Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
6 |
20000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
27 |
"Қазығұрт аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
6 |
20000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
28 |
"Қазығұрт ауданының мұрағаты" мемлекеттiк мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу |
10 |
4000 іс-құжат |
аудандық бюджет |
29 |
"Қазығұрт тынысы газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
мұрағатқа тапсыру үшiн құжаттарды қайта қалыптастыру және мұрағат құжаттарын өңдеу |
10 |
500 іс-құжат |
аудандық бюджет |
30 |
"Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі |
құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және жiберу |
10 |
3000 іс-құжат |
аудандық бюджет |
31 |
"Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
5 |
1200 іс-құжат |
аудандық бюджет |
32 |
Шу-талас экология департаменті Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы Қазығұрт аудандық бөлімшесі |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
6 |
1500 іс-құжат |
аудандық бюджет |
33 |
"Қазығұрт аудандық бір жолғы талондарды беру орталығы" мемлекеттік мекемесі |
бір жолғы төлемдерді жинауға жәрдем көрсету |
10 |
2500 дана |
аудандық бюджет |
34 |
"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазығұрт аудандық филиалы |
мұрағат құжаттары мен тiзiмдерiн жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу |
10 |
1700 іс-құжат |
аудандық бюджет |
35 |
"Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі Өгем филиалы |
абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
10 |
70000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
36 |
"Жасыл-желек" мемлекеттік мекемесі |
абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
5 |
100000 шаршы метр |
аудандық бюджет |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.