Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің пікірін ескере отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінің аумағына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 4,15 гектар жер қосылып, шекарасына өзгеріс енгізілсін.
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ж.Қарабеков
Аудан әкімі Т.Алиев
Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов