Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Атбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 3/16-V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімиятының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 2 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 18 сәуірде № 14-6-161 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 15-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің пікірін ескере отырып, Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінің аумағына ауданның арнайы жер қорынан жалпы көлемі 4,15 гектар жер қосылып, шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ж.Қарабеков

      Аудан әкімі                                Т.Алиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Момынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады