Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 29.01.2013 № 166 хатымен).
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 28 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі № 174 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-163 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырдағы «Қазығұрт тынысы» газетінің № 21 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 – қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазығұрт аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының уақытша міндетін атқарушы
___________________А.Батырбаев
«29» тамыз 2012 жыл
«Қазығұрт аудандық ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________О.Қабыштаев
«29» тамыз 2012 жыл
«Қазығұрт аудандық орталық емхана»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
___________________Д.Алтенов
«29» тамыз 2012 жыл
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 29 тамыздағы
N 429 қаулысына қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссия құрамы
Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы |
- |
Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы |
Батырбаев Аман Мұхтарұлы |
- |
Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
||
Рахымбекұлы Аян |
- |
Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша); |
Ақынгазиева Айгуль Кузенбаевна |
- |
Қазығұрт аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша). |
Ибрагимова Мұхаббат Балтабайқызы |
- |
Қазығұрт аудандық орталық емханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша). |
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссияның резервтік құрамы
Құрбан Керім Бархыұлы |
- |
Қазығұрт ауданы әкімінің кеңесшісі, комиссия төрағасы |
Арысбаев Аймуханбет Мухтарович |
- |
Қазығұрт аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
||
Жамалов Өміржан Сейдуллаевич |
- |
Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша); |
Полатов Алимхан Усенович |
- |
Қазығұрт аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша). |
Жиенбаева Эльмира |
- |
Қазығұрт аудандық орталық емханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша). |