Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 22.01.2013 № 66 хатымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Есенбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Сыздықов
Отырар ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «12» 04
№ 119 қаулысына қосымша
Отырар ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерi
№ |
Дақылдар түрi |
Оңтайлы мерзiмдерi |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Күздік бидай |
30.09.2011 |
20.11.2011 |
Суармалы жер |
2 |
Көкөнiс |
15.03.2012 |
10.05.2012 |
Суармалы жер |
3 |
Мақта |
20.04.2012 |
20.05.2012 |
Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып |
4 |
Дәндік жүгерi |
10.04.2012 |
25.05.2012 |
Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып |
5 |
Жоңышқа |
10.03.2012 |
10.04.2012 |
Суармалы жер |