2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 119 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда N 14-9-160 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 қаңтардағы № 66 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімі аппаратының 22.01.2013 № 66 хатымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Отырар ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Есенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

      Отырар ауданы әкімдігінің
      2012 жылғы «12» 04
      № 119 қаулысына қосымша

      Отырар ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерi

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Күздік бидай

30.09.2011

20.11.2011

Суармалы жер

2

Көкөнiс

15.03.2012

10.05.2012

Суармалы жер

3

Мақта

20.04.2012

20.05.2012

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

4

Дәндік жүгерi

10.04.2012

25.05.2012

Жылдың қалыптасқан ауа райының климаттық жағдайын ескере отырып

5

Жоңышқа

10.03.2012

10.04.2012

Суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады