Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірде № 4-37/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 мамырда N 14-10-189 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 15-96/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 15-96/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 611 тармақтарына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетілсін:
      1) Мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлеріне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және мұқтаж жауынгер – Ауғандықтарға, Чернобыль атом электр стансасы апатын жоюға қатысушыларына біржолғы 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттардың ішінен 80 жастан асқан адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) Жеңіс күніне орай - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, кәмелет жасына толмаған бұрынғы концлагерьлердің тұтқындарына біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) Қарттар күніне орай - үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға біржолғы 1,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) Жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге;
      Серуендеуге арналған қоларбаға 50,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бөлмеге арналған қоларбаға 20,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 34,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына табыстарын есепке алмай және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға, біржолғы 6,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай, өтемақы алу үшін, ай сайын 22 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға - жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012.09.25 № 9-62/V Шешімімен.
      2. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Р. Хайтенов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               К.Орашов

      Сайрам аудандық мәслихатының
      2012 жылғы 12 сәуірдегі
      № 4-37/V шешiмiне қосымша

      "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

      1. Әлеуметтік көмектің барлық түрлері үшін:
      1) әлеуметтiк көмекке өтiнiш жасаған тұлғаның өтiнiшi;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшiн – туу туралы куәлiк;
      3) алушының салық төлеушi куәлiгi;
      4) алушының тұратын жерi бойынша тiркеудi растайтын құжат;
      5) алушының банктiк шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкiлi өтiнiш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат және заңды өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат қоса берiледi.
      2. Әлеуметтік көмектің басқа түрлерін тағайындау үшін мына құжаттар қоса беріледі:
      1) жекелеген санаттағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, сауықтыру орындарына жолдама үшін:
      алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      учаскелік дәрігердің медициналық картасынан үзінді;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, мерзімді баспасөз басылымдарға жазылу үшін:
      егер аталған азамат уәкiлеттi органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтiк мәртебесiн растайтын құжат;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, табыстарын есепке алмай және өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған аз қамтамасыз етілген отбасыларға:
      емделуде болғанын растайтын, тиiстi медициналық ұйымнан анықтама;
      ауыл округі әкімі жанындағы учаскелік комиссияның актісі.
      3. Құжаттарды салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа мен көшiрмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге өтiнiш берген күнi қайтарылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Сайрамского района

Решение маслихата Сайрамского района Южно-Казахстанской области от 14 апреля 2012 года N 4-37/V. Зарегистрировано Управлением юстиции Сайрамского района Южно-Казахстанской области 21 мая 2012 года N 14-10-189. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 31 января 2013 года № 15-96/V

      Сноска. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 31.01.2013 № 15-96/V.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктами 611 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, Сайрамский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся гражданам Сайрамского района:
      1) для подписки в периодических печатных изданиях - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, труженикам тыла работавшим в годы Великой Отечественной войны единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей нуждающимся воинам – Афганцам, нуждающимся участникам ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС единовременно, в размере 0,6 месячных расчетных показателей;
      2) престарелым людям старше 80 лет, получающим специальное социальное обслуживание на дому, для возмещения расходов, связанных с проездом, ежемесячно, в размере 1 месячного расчетного показателя;
      3) ко Дню Победы - участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, бывшим, несовершеннолетним узникам концлагерей, единовременно, в размере 6,2 месячных расчетных показателей, вдовам погибших воинов, единовременно, в размере 1,3 месячных расчетных показателей;
      4) ко дню престарелых и инвалидов – престарелым, инвалидам и детям инвалидам, получающим специальное обслуживание на дому, единовременно в размере 1,3 месячного расчетного показателя;
      5) нуждающимся инвалидам по индивидуальной программе реабилитации по обеспечению инвалидными колясками:
      на инвалидные коляски, предназначенные для прогуливания, в размере 50,0 месячных расчетных показателей;
      на инвалидные коляски, предназначенные для комнаты, в размере 20,0 месячных расчетных показателей;
      6) пенсионерам и инвалидам для получения направлений, в санатории или реабилитационные центры, единовременно в размере 34,0 месячных расчетных показателей;
      7) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, семьям, имеющим детей, заразившихся вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, а также малообеспеченным семьям, попавшим в трудную жизненную ситуацию, единовременно, в размере 6,2 месячных расчетных показателей;
      8) семьям, имеющим детей, заразившихся вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, ежемесячно, в размере 22 месячных расчетных показателей;
      9) для предоставления услуг социального такси на поездки в лечебные учреждения и в общественные места - инвалидам первой, второй группы, имеющим затруднение в передвижении и детям-инвалидам, ежемесячно в размере 6 месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 25.09 2012 № 9-62/V.
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» согласно приложению к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата Р.Хайтенов

      Секретарь районного маслихата К.Орашов

      Приложение к решению
      Сайрамского районного маслихата
      от 12 апреля 2012 года № 4-37/V

      Перечень документов, необходимых для получения государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов»

      1. Для всех видов социальной помощи:
      1) заявление лица, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя, для несовершеннолетних получателей – свидетельство о рождении;
      3) свидетельство налогоплательщика получателя;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      5) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя, прилагается документ удостоверяющий личность и документ, подтверждающий полномочия представителя.
      2. Для назначения других видов социальной помощи, прилагаются:
      1) для отдельных категорий граждан, без учета доходов, для получения направления в санатории:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      выписка медицинской карты от участкового врача;
      2) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, для подписки в периодических печатных изданиях:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе. 3)лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, лицам, больным онкологическими заболеваниями, семьям, имеющим детей, заразившихся вирусом иммунодефицита человека, без учета доходов, а также малообеспеченным семьям, попавшим в трудную жизненную ситуацию:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечении;
      акт участковой комиссий при Акиме сельского округа.
      3. Документы предоставляются в копиях и в подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.