Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 15-96/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 6, 11 тармақтарына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. «Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі 4-37/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-10-189 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы «Мәртөбе» газетінің № 21 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешiмнiң 1 тармағы келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға - жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Е.Шәріпбеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы: К.Орашов