Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 4-37/V "Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 9-62/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 қазанда № 2113 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 15-96/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 15-96/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандартының 611 тармақтарына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. «Сайрам ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Сайрам аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі 4-37/V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-10-189 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы «Мәртөбе» газетінің № 21 санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған шешiмнiң 1 тармағы келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға - жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн, ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы:      Е.Шәріпбеков

      Аудандық мәслихаттың хатшысы:              К.Орашов 

О внесении дополнения в решение Сайрамского районного маслихата от 12 апреля 2012 года № 4-37/V "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Сайрамского района"

Решение Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 9-62/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 17 октября 2012 года № 2113. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 31 января 2013 года № 15-96/V

      Сноска. Утратило силу решением Сайрамского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 31.01.2013 № 15-96/V.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктами 611 Стандарта государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, Сайрамский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Сайрамского районного маслихата от 12 апреля 2012 года № 4-37/V «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Сайрамского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14-10-189, опубликовано 1 июня 2012 года в газете «Пульс Сайрама» № 24) следующее дополнение:
      1 пункт данного решения дополнить подпунктом 9) следующего содержания:
      «9) для предоставления услуг социального такси на поездки в лечебные учреждения и в общественные места - инвалидам первой, второй группы, имеющим затруднение в передвижении и детям-инвалидам, ежемесячно в размере 6 месячных расчетных показателей».
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата    Е.Шарипбеков

      Секретарь районного маслихата              К.Орашов