Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012.08.08 № 2402 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Тілеуовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Ж.Әлсеитов
Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 59 қаулысына қосымша
Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi
№ |
Дақылдар түрi |
Оңтайлы мерзiмдерi |
Ескерту |
|
басталуы |
аяқталуы |
|||
1 |
Жаздық бидай |
15.02.2012 |
25.03.2012 |
Тәлімі жер |
2 |
Көкөніс |
01.03.2012 |
20.05.2012 |
Суармалы жер |
3 |
Мақта |
10.04.2012 |
15.05.2012 |
Суармалы жер |
4 |
Жүгері |
10.04.2012 |
10.05.2012 |
Суармалы жер |
5 |
Мақсары |
01.03.2012 |
30.03.2012 |
Тәлімі жер |
6 |
Жоңышқа |
01.03.2012 |
01.04.2012 |
Тәлімі және суармалы жер |