2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы № 59 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 14-11-184 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 2402 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012.08.08 № 2402 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Тілеуовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Ж.Әлсеитов

Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 27 қаңтардағы
                                          № 59 қаулысына қосымша

      Сарыағаш ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15.02.2012

25.03.2012

Тәлімі жер

2

Көкөніс

01.03.2012

20.05.2012

Суармалы жер

3

Мақта

10.04.2012

15.05.2012

Суармалы жер

4

Жүгері

10.04.2012

10.05.2012

Суармалы жер

5

Мақсары

01.03.2012

30.03.2012

Тәлімі жер

6

Жоңышқа

01.03.2012

01.04.2012

Тәлімі және суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады