Ескерту. Бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.05.2023 № 99 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/24-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.05.2023 № 99 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/24-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Түсіпова |
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Г. Пинчук |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 153 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/65-V шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.05.2023 № 99 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/24-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудан (қала) атауы | Жеке меншік құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен болуы мүмкін бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері, гектар | |||
Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн | ||||
барлығы | оның ішінде суармалы | барлығы | оның ішінде суармалы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Алтай | 3,1 | 2 | 3,1 | 2 |
2 | Глубокое | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
3 | Зайсан | 3,4 | 2 | 3,4 | 2 |
4 | Катонқарағай | 1,2 | 1,2 | 1,2 | 1,2 |
5 | Күршім | 3,6 | 2 | 3,6 | 2 |
6 | Самар | 2,5 | 2 | 2,5 | 2 |
7 | Тарбағатай | 6,3 | 2 | 6,3 | 2 |
8 | Ұлан | 1,9 | 1,9 | 1,9 | 1,9 |
9 | Шемонаиха | 0,9 | 0,9 | 0,9 | 0,9 |
10 | Риддер қаласы | 0,8 | 0,8 | 0,8 | 0,8 |
11 | Өскемен қаласы | 1,9 | 1,9 | 1,9 | 1,9 |