Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 04.12.2014 № 291 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегі № 39 Заңының 16-бабына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
2. Үйден тәрбиленетін және оқытылатын мүгедек балаларға он үш мың бес жүз теңге көлемінде әлеуметтік көмек ұсынылсын.
3. Келесі шарттар бекітілсін:
1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі;
2) Әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім біткенге дейін ұсынылады;
3) Әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар болған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек-баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013.01.29 N 616 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Г. Акулов |