Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 04.12.2014 № 291 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 466 қаулысына келесі өзгерту енгізілсін:
3-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Г. Акулов |