РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.
2. "Жарма ауданында тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 шілдедегі Жарма аудандық мәслихатының № 23/182-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 27 шілдеде № 5-10-101 болып тіркелген, 2010 жылы 26 тамызында № 43 "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сқақов |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |
Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/16-V шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы
Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес әзірленді.1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті аткарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Шығындардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы көлемінде анықталады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
3. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының "Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 27.02.2013 № 9/84-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 04.04.2014 № 19/166-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.
5. Уәкiлеттi органның шешiмi тұрғын үй көмегiн беруге негiзі болып табылады.
6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініштер тоқсан бойы қабылданады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
7. Көмір құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады
8. Тұрғын үй көмегiн алуға келесi отбасылардың құқығы жоқ:
1) жеке меншiгiнде бiр бiрлiктен артық тұрғын үйi (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту мәселелерi бойынша уәкiлеттi органда тiркелмеген тұлғалары бар, келесi тұлғаларды қоспағанда:
бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi, 18 жасқа дейiнгi мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетiн тұлғалар;
жеті жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бiрақ жұбайының тұрғылықты жерiн бiлмейтiн (көрсетпейтiн) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтiнiш жасамаған тұлғалары бар.
9. Отбасының жұмыссыз мүшелерi ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейiн тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады.
10. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, тұрғын үйдi ұстау және лифттерге қызмет көрсету бойынша шығындар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы орташа шоттар бойынша есепке алынады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерi бойынша шығындар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша алынады.
11. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге (көмір бағасы) арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
12. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу мен ыстық сумен жабдықтау төлем мөлшерi электрэнергиясына есептелген сомадан әлеуметтiк нормаларға сәйкес есептеледi.
13. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
14. Тұрғын үй көмегiн тағайындаған кезде келесi шарттар қолданылады:
1) өтiнiш берушi заңды некеде, бiрақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тiркелмеген болса – ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де табыстары есептеледi және тұрғын үй көмегi туралы өтiнiш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтiнiш берушiнiң үйiнде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тiркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейiнгi бала тiркелген жағдайда – өтiнiш берушi ол баланың ата-анасының табыстарын растауы тиiс.
15. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органды өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез келген өзгерiстерi туралы хабар етедi.
16. Тұрғын үй көмегiнен негiзсiз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.
3. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi және тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi
17. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін төленген нақты және осы отбасының осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген шекті шығындар мөлшері арасындағы айырымы ретінде есептеледі.18. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
1) алаң нормасы:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 ш.м,
екі адамнан тұратын отбасылар үшін – 30 ш.м,
үш немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м., бірақ 38.52 ш.м аспауы керек;
2) газ шығындарының нормасы:
жер үй құрылыстарында тұратын отбасылар үшін – айына бір баллон;
3) электрэнергиясын пайдалану нормасы:
бір адам тұрса- 70 кВт,
екі адам тұрса- 140 кВт,
үш адам тұрса – 210 кВт,
төрт және одан артық адам тұрса- 280 кВт;
4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 ш.м көмiрдiң шығыны – 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг артық емес.
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
19. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен беріледі және ақшалай төлем түрінде тағайындалады.20. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банкілер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.
21. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Ескерту. Қағида 21 тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 04.04.2014 № 19/166-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).