"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/16-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 сәуірдегі N 19/166-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 сәуірде N 3277 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы N 24/215-V шешімімен

        Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 22.12.2014 N 24/215-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Жарма ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін" бекіту туралы Жарма ауданының мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 2/16-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-10-131, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 37 "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы";
      шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасында:
      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Шығындардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы көлемінде анықталады.";
      3 тармақ алынып тасталсын;
      4 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;";
      4 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының "Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;";
      4 тармақтың 9 тармақшасы алынып тасталсын;
      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтініштер тоқсан бойы қабылданады.";
      13 тармақ алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 21 тармақпен толықтырылсын:
      "21. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы А.Ағайсенова
      Мәслихат хатшысы Н. Есполов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады