Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы N 2/17-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 20 сәуірде N 5-13-127 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 5/38-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 5/38-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Н. Шаухин

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Д. Бралинов

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 30 наурыздағы ІІ сессиясының
№ 2/17-V шешімімен бекітілген

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті
тағайындау және көрсету жөніндегі Нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
      2. Аудан бюджеті әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі болып табылады.
      3. Әлеуметтік көмекті «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасының әкімгері болып табылатын «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) бюджеттік бағдарламасына сәйкес және тиісті қаржы жылында аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаржы шегінде ұсынылады.

2. Әлеуметтік көмекті алу құқығы

      4. Біржолғы әлеуметтік көмекті алуға құқылы:
      1) алдыңғы тоқсан қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
      2) әртүрлі жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік көмекке зәру жеке тұлғалар (отбасылар) (обыр ауруынан емделу, табиғи апат, су басу, өрт және өзге де болжауға болмайтын оқиғалар), сонымен қатар жан басына шаққандағы орташа табысқа тәуелсіз мереке күндеріне орай 8910-тармақтарында көрсетілген кейбір санаттағы азаматтар.
      5. Ай сайын және тоқсан сайын берілетін әлеуметтік көмекті алуға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлер (коммуналдық шығындарын өтеу үшін);
      2) стационарлық емделуде жатқандарды қоспағанда белсенді туберкулез ауруымен ауыратын, диспансерлік есепте тұратын азаматтар (қосымша тамақтану мен жол жүруге).

3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау

      6. Әлеуметтік көмек:
      1) шұғыл түрдегі қымбат емделуге, әлеуметтік көмек мөлшері - 20000 (жиырма мың) теңге;
      2) мүгедектігі бар азаматтарға медициналық мекеме дәрігерінің тағайындауымен тексерілуден өту үшін облыс аумағында жол жүру шығындарына, әлеуметтік көмек мөлшері - 3000 (үш мың) теңге;
      3) обыр ауруымен және туберкулездің белсенді түрімен ауыратындарға медициналық мекеме дәрігерінің тағайындауымен тексерілуден өту үшін облыс аумағында жол жүру шығындарына, әлеуметтік көмек мөлшері - 3000 (үш мың) теңге (жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай);
      4) обыр ауруынан емделуге, әлеуметтік көмек мөлшері - 20000 (жиырма мың) теңге (жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай);
      5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз етуге әлеуметтік көмек мөлшері бір тоқсанға - 10000 (он мың) теңге;
      6) төтенше жағдайлар және өртке қарсы қызмет бөлімдерінің қорытындысы бойынша табиғи апаттардан, су басудан, қасақана жағылмаған өрттен зардап шегіп, өмір сүруге қажетті заттарынан айырылған отбасыларына (азаматтарға), әлеуметтік көмек мөлшері - 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
      7. Бөлімге әлеуметтік көмекті алуға талаптанған жеке тұлғалардың ұсынуға тиісті құжаттары:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) салық төлеушінің нөмірі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұрғылықты жері туралы анықтама;
      5) өтініш берушінің әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігін растайтын құжаттар (медициналық қорытынды, жол шығындарын растайтын құжаттар, төтенше жағдайлар немесе өртке қарсы қызмет бөлімдерінің қорытындысы);
      6) отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар;
      7) тиісті округ әкімі бекіткен, өтініш берушінің тұрмыс жағдайын тексеру актісі.
      Құжаттар комиссияға салыстыру үшін көшірме және түпнұсқа ретінде ұсынылады.

4. Мерекелік күндерге азаматтардың жекеленген санаттарына
біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау мөлшері

      8. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 9 мамырға, әлеуметтік көмектің мөлшері - 10000 (он мың) теңге.
      9. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар мен басқа санаттағылар:
      1) қоршау кезіндегі Ленинград қаласының тұрғындарына 9 мамырға – 5000 (бес мың) теңге;
      2) фашистік концлагерлердің тұтқындарына 9 мамырға – 5000 (бес мың) теңге;
      3) Чернобль АЭС-нің зардабын жоюға қатысқан азаматтарға, мүгедектерге 26 сәуірге - 5000 (бес мың) теңге;
      4) Ауған соғысына қатысқан әскери қызметшілерге және соғыста қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 15 ақпанға - 5000 (бес мың) теңге;
      5) арнайы құрамалардың жұмысшыларына 9 мамырға – 5000 (бес мың) теңге;
      6) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне 9 мамырға - 5000 (бес мың) теңге біржолғы әлеуметтік көмек ұсынылады.
      Біржолғы әлеуметтік көмек тек бір негізге ғана төленеді.
      10. Көпбалалы отбасыларға, соның ішінде:
      1) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісімен марапатталған көпбалалы аналарға 8 наурызға - 5000 (бес мың) теңге және 1 маусымға - 5000 (бес мың) теңге, барлығы - 10000 (он мың) теңге;
      2) 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған бірге тұратын, сондай-ақ жасы 23-ке толмаған жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналарға 8 наурызға - 5000 (бес мың) теңге, 1 маусымға – 5000 (бес мың) теңге, барлығы - 10000 (он мың) теңге біржолғы әлеуметтік көмек ұсынылады.

5. Коммуналдық шығындарды өтеуге берілетін әлеуметтік көмек

      11. Коммуналдық шығындарды өтеуге:
      1) Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға - ай сайын 2000 (екі мың) теңге;
      2) облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар тұлғаларға - ай сайын 2000 (екі мың) теңге әлеуметтік көмек ұсынылады.

6. Әлеуметтік көмекті жүзеге асыруды бақылау

      12. Әлеуметтік көмекті көрсетуді бақылау мен есептілік Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің негізінде жүзеге асырылады.

Об утверждении Инструкции по назначению и оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан

Решение маслихата Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области от 30 марта 2012 года N 2/17-V. Зарегистрировано управлением юстиции Катон-Карагайского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 20 апреля 2012 года за N 5-13-127. Утратило силу - решением маслихата Катон-Карагайского района от 13 июля 2012 года N 5/38-V

      Сноска. Утратило силу - решением маслихата Катон-Карагайского района от 13.07.2012 N 5/38-V.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Стандартом государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394, Катон-Карагайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по назначению и оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Председатель сессии                        Н. Шаухин

      Секретарь районного маслихата              Д. Бралинов

Утверждена решением
Катон-Карагайского районного
маслихата № 2/17-V
от 30 марта 2012 года

Инструкция по назначению и оказанию социальной помощи
отдельным категориям нуждающихся граждан

      Настоящая Инструкция разработана в соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Стандартом государственной услуги «Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394.

1. Общие положения

      1. Социальная помощь некоторым категориям нуждающихся граждан (далее социальная помощь) оказывается в форме денежных выплат.
      2. Источником финансирования социальной помощи является бюджет района.
      3. Социальная помощь предоставляется согласно бюджетной программе «Социальная помощь некоторым категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» администратором которой является Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Катон–Карагайского района» (далее Отдел) и в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на данные цели на соответствующий финансовый год.

2. Право на получение социальной помощи

      4. Право на единовременную социальную помощь имеют:
      1) малообеспеченные семьи (граждане), имеющие доход ниже прожиточного минимума на одного члена семьи;
      2) лица (семьи) в связи с различными обстоятельствами (на лечение онкологических больных, природных бедствий, наводнений, пожаров и иных непредвиденных случаев), нуждающиеся в экстренной социальной помощи, а также некоторые категории граждан к праздничным датам, указанные в пунктах 8910 независимо от среднедушевого дохода.
      5. Право на ежемесячную и ежеквартальную социальную помощь имеют:
      1) лица, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, и персональные пенсионеры областного значения (компенсации расходов на коммунальные услуги);
      2) граждане, больные активным туберкулезом, состоящие на диспансерном учете (обеспечение дополнительным питанием и проездом), за исключением граждан находящихся на стационарном лечении.

3. Назначение социальной помощи отдельным
категориям нуждающихся граждан

      6. Социальная помощь предоставляется:
      1) на оперативное дорогостоящее лечение, размер помощи составляет - 20000 (двадцать тысяч) тенге;
      2) инвалидам проезд, связанный с обследованием по назначению врача медицинского учреждения до областного центра, размер помощи – 3000 (три тысячи тенге);
      3) онкобольным и туберкулезным проезд, связанный с обследованием по назначению врача медицинского учреждения до областного центра, размер помощи – 3000 (три тысячи тенге) (без учета среднедушевого дохода);
      4) лечение онкологического заболевания, размер помощи составляет - 20000 (двадцать тысяч) тенге;
      5) больным активной формой туберкулеза для дополнительного питания, размер социальной помощи составляет - 10000 (десять тысяч) тенге в квартал;
      6) от стихийных бедствий, наводнений, пожара, за исключением умышленного поджога, по заключению отдела чрезвычайных ситуаций и противопожарной службы и лицам, оставшимся без средств к существованию, размер помощи - 20000 ( двадцать тысяч) тенге на семью.
      7. Лица, претендующие на получение единовременной социальной помощи, должны предоставить следующие документы в Отдел:
      1) заявление о назначении социальной помощи;
      2) документ удостоверяющий личность;
      3) регистрационный номер налогоплательщика;
      4) книгу регистрации граждан;
      5) документы, подтверждающие, что заявитель нуждается в социальной помощи (медицинское заключение, документы подтверждающие дорожные затраты, медицинского обследования, заключение противопожарной службы или управления по чрезвычайным ситуациям);
      6) документы, подтверждающие доход семьи;
      7) акт обследования жилищно-бытовых условий, утвержденный акимом соответствующего округа.
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки в комиссию.

4. Назначение единовременной социальной помощи отдельной
категории граждан к праздничным датам

      8. Размер социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны к 9 мая - 10000 (десять тысяч) тенге.
      9. Лица, приравненные к участникам Великой Отечественной войны, и другие категории:
      1) жителям блокадного Ленинграда к 9 мая - 5000 (пять тысяч) тенге;
      2) узникам фашистских лагерей к 9 мая - 5000 (пять тысяч) тенге;
      3) лицам, принимавшим участие в ликвидации катастрофы на Чернобыльской АЭС, и инвалидам к 26 апреля - 5000 (пять тысяч) тенге;
      4) военнослужащим, принимавшим участие в боевых действиях, и семьям военнослужащих, погибших в Афганистане, к 15 февраля - 5000 (пять тысяч) тенге;
      5) работникам спецформирований к 9 мая - 5000 (пять тысяч) тенге;
      6) вдовам воинов, погибших в годы Великой Отечественной войны, и не вступившим в повторный брак к 9 мая - 5000 (пять тысяч) тенге.
      Единовременная социальная помощь предоставляется только по одному из оснований.
      10. Многодетным семьям, в том числе:
      1) многодетным матерям, награжденным подвесками «Алтын алқа», «Күмiс алқа» к 8 марта - 5000 (пять тысяч) тенге и к 1 июня - 5000 (пять тысяч) тенге. Всего - 10000 (десять тысяч) тенге;
      2) многодетные семьи, имеющие четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детям, достигшим совершеннолетия, обучающихся по очной форме обучения до достижения ими 23 лет к 8 марта - 5000 (пять тысяч) тенге и к 1 июня - 5000 (пять тысяч) тенге. Всего – 10000 (десять тысяч) тенге.

5. Социальная помощь на компенсацию коммунальных услуг

      11. Социальная помощь на компенсацию коммунальных услуг предоставляется:
      1) лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан, в размере - 2000 (две тысячи) тенге ежемесячно;
      2) лицам, имеющим статус персонального пенсионера областного значения, в размере - 2000 (две тысячи) тенге ежемесячно.

6. Контроль за осуществлением социальной помощи

      12. Контроль и отчетность по оказанию социальной помощи осуществляется в соответствии с Бюджетным Кодексом Республики Казахстан.