РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35–бабының 2–тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Үлкен Нарын ауылдық округінің тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Үлкен Нарын ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Восточная көшесі – «Шығыс» көшесіне;
2) Северный көшесі – «Солтүстік» көшесіне;
3) Кирова көшесі – «Отан» көшесіне;
4) Озерная көшесі – «Өзен» көшесіне;
5) Калинина көшесі – «Тәуелсіздік» көшесіне;
6) Школьная көшесі – «Мектеп» көшесіне;
7) Береговая көшесі – «Жағалау» көшесіне;
8) Горная көшесі – «Таулы» көшесіне;
9) Пролетарский көшесі – «Жұмысшылар» көшесіне;
10) Молодежная көшесі – «Жастар» көшесіне.
2. Балғын ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Комсомольский көшесі – «Жастар» көшесіне;
2) Школьный көшесі – «Мектеп» көшесіне;
3) Западный көшесі – «Тәуелсіздік» көшесіне.
3. Свинчатка ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Морская көшесі – «Теңіз» көшесіне;
2) Береговой көшесі – «Жағалау» көшесіне;
3) Молодежная көшесі – «Жастар» көшесіне.
4. Юбилейное ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Западная көшесі – «Батыс» көшесіне;
2) Береговая көшесі – «Жағалау» көшесіне.
5. Жұлдыз ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
1) Школьная көшесі – «Мектеп» көшесіне;
2) Центральная көшесі – «Орталық» көшесіне.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Д. Молгеждаровқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Ахметов