Үлкен Нарын ауылдық округі елді мекендерінің көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 ақпандағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 07 наурызда N 5-13-117 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35–бабының 2–тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Үлкен Нарын ауылдық округінің тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Үлкен Нарын ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Восточная көшесі – «Шығыс» көшесіне;
      2) Северный көшесі – «Солтүстік» көшесіне;
      3) Кирова көшесі – «Отан» көшесіне;
      4) Озерная көшесі – «Өзен» көшесіне;
      5) Калинина көшесі – «Тәуелсіздік» көшесіне;
      6) Школьная көшесі – «Мектеп» көшесіне;
      7) Береговая көшесі – «Жағалау» көшесіне;
      8) Горная көшесі – «Таулы» көшесіне;
      9) Пролетарский көшесі – «Жұмысшылар» көшесіне;
      10) Молодежная көшесі – «Жастар» көшесіне.
      2. Балғын ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Комсомольский көшесі – «Жастар» көшесіне;
      2) Школьный көшесі – «Мектеп» көшесіне;
      3) Западный көшесі – «Тәуелсіздік» көшесіне.
      3. Свинчатка ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Морская көшесі – «Теңіз» көшесіне;
      2) Береговой көшесі – «Жағалау» көшесіне;
      3) Молодежная көшесі – «Жастар» көшесіне.
      4. Юбилейное ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Западная көшесі – «Батыс» көшесіне;
      2) Береговая көшесі – «Жағалау» көшесіне.
      5. Жұлдыз ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      1) Школьная көшесі – «Мектеп» көшесіне;
      2) Центральная көшесі – «Орталық» көшесіне.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Д. Молгеждаровқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Округ әкімі                                А. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады