Ескерту. Күші жойылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 2013.01.22 № 01-05/137 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 3 мамырдағы № 365 ұсынысын қарап, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданының Қарой ауылындағы ұсақ малдары арасында сарып ауруы шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі мемлекеттік санитариялық эпидемиялық қадағалау Комитеті Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Департаментінің Күршім ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының бастығы (М. Садуақасова) және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық қадағалау және бақылау Комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Ә. Шапатов) тұрғындар арасында сарып ауруының алдын алу бойынша жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті санитарлық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы іс-шаралары орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Теректі ауылдық округінің әкіміне (С. Ақсартов) шектеу белгіленген аумақтан ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
5. Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Күршім ауданы әкімі А. Сеитов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық қадағалау және бақылау
Комитетінің Күршім аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы Ә. Шапатов
2012 жылғы 16 маусым
Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігі
мемлекеттік санитариялық
эпидемиялық қадағалау Комитеті
Шығыс Қазақстан Облысы бойынша
Департаментінің Күршім ауданы бойынша
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
басқармасының бастығы М. Садуақасова
2012 жылғы 16 маусым